Аудандық мәдениет үйінде 1-тамыз күні Ұлы Отан соғыс ардагері, Ленинград қаласының құрметті азаматы, “Халық емшісі” Елтоқ Сәрсенбайұлына 100 жыл толуына орай “Елі сыйлаған - Ел ағаң” атты еске алу кешіне Байғанин аудандық музейінен көрме әзірленіп таныстырылды. Келген қонақтар ауыл ақсақалдары, аудан тұрғындары, Елтоқ Сәрсенбайұлының ұрпақтары келін балалары ағайын туыстары көрмені тамашалады.