часы работы: 9:00-18:00 ПН-ПТ

“Қолөнер ұрпаққа мұра” атты тақырыпта көрме өткізілді

24 - қыркүйек күні Байғанин аудандық музей үйінде көршілес жатқан Темір аудандық музейі қолөнер шебері Нұрлан Сәулебайұлы Жақыбаевтың теріден иленіп жасалатын бұйымдарынан “Қолөнер ұрпаққа мұра” атты тақырыпта көрме өткізді. Темір аудандық музей қызметкерлеріне экскурсия жүргізіліп, қорды  сақтау жұмыстарымен таныстырылды. Көрмеге аудан мектеп оқушылары қатысып теріден жасалған бұйымдарға қызығушылық танытытты. Жәнеде осындай теріден жасалған бұйымдардан жылжымалы көрме ұйымдастырған Темір аудандық музей ұжымына және қолөнер шебері Нұрлан Сәулебайұлына алғыс хаттар берілді.