9-қазан күні Байғанин аудандық музей үйі Сағыз орта мектебі мен Байғанин орта мектебінің оқушыларына “Ұрпақтар ұмытпайтын дәуір тарихы” атты тақырыпта жылжымалы көрме өткізілді. Қазақ халқының ғасырлар бойы ата-бабамыздан бергі ұрпағына жалғасын тауып келе жатқан қолөнер шеберлерінің бұйымдары мен Кіші жүз батырларының тұтынған құнды экспонаттары қойылды. Көрмені тамашалаған оқушылар сұрақтарын қойып толық мағлұмат алды.