11-желтоқсан күні Тобық Жармағанбетов атындағы орта мектебінің оқушылары-аудандық музейде болды. Оқушыларды ауданның тарихынан сыр шертетін тарихи құнды жәдігерлермен таныстырып, әр салада жеткен жетістіктер туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар аудандық музей атынан дайындалған Тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған “Желтоқсан шежіресі-елімнің мәртебесі”тақырыбындағы көрме көрсетілді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақтың ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев сынды аға-апаларымыз қатысты. Өз кезегінде оқушылар егеменді ел болуға қол жеткізген, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыз жайында толыққанды мазмұнды мәліметтер алды!