11-желтоқсан аудандық музей және Жастар ресурстық орталығы бірлесе отырып “Музей түні” шарасы өткізілді. Шараның мақсаты аудан тұрғындарын, жастарды, оқушыларды ұлттық, рухани, мәдени құндылықтарға баулу.
Қазіргі қоғамдағы мәдени кеңістікте музейдің алатын орны зор.Музей-халықтың қазынасы мен мұрасын ыждаһаттылықпен жинақтап-сақтап отырған ғылыми-мәдени,рухани мекемелердің бірі.Музей экспонаттары-халық тарихы мен өнерінен сыр тарқататын талай замандардың тірі куәлары.Сол себепті ұлттың ұлт болып қалыптасуы ең алдымен ұлттық құндылықтарды дәріптеуден бастау алады.Аталған шара көпшіліктің қызығушылығын арттырып,көңілдерінен шықты.