Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы, Ресей жаратылыс ғылымдары академисының академигі Назарбай Білиевпен онлайндық сұхбат өтті. Сұхбаттың мақсаты күрделі ғылым саласын таңдап, қазақ математикасының марқасқасы атанған жерлесіміз Н.Білиевтің бірегей тұлға екенін жас ұрпақ біле жүруге, әрі биыл 85 жасқа толып отырған абыз академикті айтулы жасымен құттықтап, туған жерінің сәлемін жолдау болатын. Сұхбатты жүргізген музейдің экскурсия жүргізушісі А.Жексенбаева мен Жем-Сағыз газетінің жауапты хатшысы, тілші Б.Боранбаева. Сұхбат барысында академиктің менің көптеген ғылыми, халықаралық атақтарым бар. Дегенмен маған бәрінен қымбаты «Байғанин ауданының құрметті азаматы» деген атақ-деді. Бүтін бір ұлттың ғана емес, адамзат өркениетіне үлес қосқан қайраткердің туған жері мен әжесін әңгімелеген кезде балаша қуанып, жетістіктерін жеткізуде аса қарапайымдылық танытты.