Байғанин аудандық музей парақшасында «Ұмытпас мені ғасырлар» атты музейдің экскурсия жүргізушісі А.Жексенбаеваның ұйымдастыруымен онлайн апталық өтті. ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, жыр алыбы Нұрпейіс Байғаниннің 160 жылдығына арналды, апталықтың мақсаты жыр алыбының өмірі мен жауһар жырларын халық жадында жаңғырту. Шараның алғашқы қонағы Мәдениет қайраткері, Байғанин ауданының құрметті азаматы Е.Құрманбеков ұлы тұлғаның жүріп өткен ғұмырын баяндап көрерменге әсерлі жеткізді. Апталықтың екінші күні суырып салма ақын, жыршы эпикалық поэмаларды сақтаушы және шығарушы Нұрпейіс Байғаниннің жырларын насихаттауға арналған «Жыр жауһары» атты шара өтті. Шараның қонақтары жас термеші Жарлы ауылдық клубының әдіскері –Қалмұрат Медет Нұрбекұлы және жыршы орындаушы, дәстүрлі өнер байқауларының жеңімпазы –Беркалин Иманжүсіп Құралұлы қатысып жыр алыбының жырларын орындады.
Ал апталықтың үшінші күні халық ақыны, жырау Н.Байғаниннің экспозициясына онлайн экскурсия жүргізілді. Жыр алыбы Нұрпейіс Байғаниннің 160 жылдығына арналған апталықтың төртінші күні Ақтөбе қаласындағы Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының қорындағы жыр алыбын зерттеген зерттеушілердің ғылыми еңбектерімен танысу мақсатында онлайн көрме өтті.
Қазақ халқының суырып салма ақыны, жырауы, халықтың батырлық дастандарын дәріптеп, өткір өлеңдермен қатар, маңызды дастандар шығарған өмірінің ақырына дейін патриоттық жалынды жырларын берген ақын Н.Байғаниннің 160 жылдығына арналған апталықтың қортындысы аясында жазушы Т.Жармағанбетовтің «Бәйтеректің жас шағы» повесі театрланып көрсетілсе, ал ақынның қазақ әйелінің өз теңдігін үшін жасаған жан қиярлық ерлігін көрсеткен «Нарғыз»поэмасы да оқылды. Оқыған №2 Қарауылкелді орта мектебінің 10 кл оқушысы О. Жанұзақова. Жыр алыбы Н.Байғанин ескерткішіне гул шоғы қойылып қортындыланды.