часы работы: 9:00-18:00 ПН-ПТ

«Жауһар жырдың жолында»

Байғанин аудандық музейінде  «Жауһар жырдың жолында» атты шара өтті. Дәстүрлі жыршы – термешілерді насихаттау, жырды жаңғырту мақсатында өткен шараның қонағы республикаға танымал дәстүрлі жыршы Сәрсенбай Рахманбердиев музейде қонақта болды. Дәстүрлі жыршының төкпе жырларын өнер сүйер қауым @baiganin_muzei парақшасынан тамашалай алды. Қырымның қырық батырын жырлай отырып биылғы жылы Алтын Орданың 750 жылдығына орай көреген саясаткер, сайыпқыран қолбасшы, ел сүйектісі Ер Едіге жырын орындауды қолқа салып таспаға түсіріп алынды.