часы работы: 9:00-18:00 ПН-ПТ

Музей жанынан «Қолөнер» үйірмесі

 

Музей жанынан  «Қолөнер» үйірмесі құрылып. Дәстүрлі қазақ қоғамында  қолөнердің алар орны мен жасалу жолдарын үйірме қатысушыларына үйрете отырып, көрермен назарына да  ұсынылды. Шеберлік сағатта қазақ қолөнеріне пайдаланатын шикізат материалы жүнді малдан қырқып алынуы, оны тазалау жолдарымен түту, иіріп жіп дайындау, тоқыма тоқуға пайдалану сияқты бірнеше сатыдан тұратын  жұмыс жасалып көрсетілді. Музей жанынан құрылған «Қолөнер» үйірмесі әр ай сайын кестесі құрылып жұмыс жасап тұр.