Биылғы жылы жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры Қ.Жазықовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Батыр ерлігі-ұрпаққа үлгі» атты тақырыптық көрме жасалды. Көрмені батыр ұрпақтары мен туған-туыстары, ауыл тұрғындары тамашалады. Көрмеге қойылған экспонаттар батырдың фото суреттері, құжаттары мен газет материалдары, тұтынған бұйымдары және Кеңес Одағының Батырының Алтын жұлдызы мен «Ленин», «Қызыл жұлдыз», екі рет алған «Қызыл Ту», үшінші дәрежелі «Даңқ» ордендері мен «Ерлігі үшін» медалі көрермен назарына ұсынылды. Көрменің ерекшелігі Кеңес Одағының Батыры Қ.Жазықовтың 100 жылдығына орай жасақталғандықтан 100 экспонат қойылды.