2021 жылдың маусым айының 6-шы жұлдызында "Алтын Орда-Үш қиян тарихи-танымдық экспедициясы топырағы киелі ақындар елі, батырлар елі Байғанин өңіріне ат басын тіреді.
Экспедиция тобы құрлысы салынып жатырған Жем өңірін келімсектерден қорғап жүруді басты міндетім деп санаған Дәуімшар батырдың ескерткішіне және аудандық музейге келіп, аудан тарихымен танысып, деректер, мәліметтер алып өз ризашылықтарын білдіре отырып, ежелгі дәуірдің STRIATOLAMIA атты Маңғыстау жерінен табылған акуланың тісін сыйлыққа тапсырды.
Сапарларын аудан өңіріндегі архитектуралық салт дәстүр ескерткіші Адайдың Мұңал тайпасына кіретін Шоғы (Қырықмылтық) руының Есекей бөлімінен шыққан Құттықадам руының баласы Дәуімшар батырдың есімімен аталған қорымға барып тағзым етумен жалғастырды.